Іс-шаралар

  “Өз құқығыңды білгенің – дұрыс өмір сүргенің”

   “Өз құқығыңды білгенің – дұрыс өмір сүргенің” атты 7 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету. Пробация бөлімінің инспектор-психологі әділет лейтенанты Серикбаева Айдана оқушыларға Конституцияның заңдарымен таныстырды.

  “От – досымыз, от – жауымыз!”

   2020 жылғы 15.01-15.02. аралығында “Өртке қарсы қауіпсіздік”атты акциясы өткізіліп жатыр. 2 “А” сыныбында “От -досымыз,от -жауымыз” атты тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.

    Оқушыларға өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат берілді. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға айтылды. Балалар өрттен құтқару викторинасына, жағдаяттық сұрақтарға жауап берді. “Ойыннан от шығады” атты сахналық көрініс көрсеті.Мектепте дабыл соқанда біз не істеуіміз керек? Төтенше жағдай кезіндегі қарапайым қорғаныс шаралары қандай?Оқушылар барлық шығармашылық түрде өздерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін, төтенше жағдайларда не істеу керектігін көрсетті. Әр қатысушы өз жұмысында өрттің қауіптілігін және өрт сөндірушілердің адам өмірін құтқару бойынша қиын жұмысын көрсетуге тырысты. Оқушылар екі топқа бөлініп, жанып жатқан өртті сөндірді. Күнделікті өмірде адам баласын қоршаған қауіп-қатер аз емес. Соның ішінде, ең күрделі – өрт.

   Өрт – аса қатыгез, ол ешкімді аямайды. Ең бастысы, өрттің туындауына жол бермеген жөн.

   Көптеген оқушылар өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығына қызығушылық танытып, болашақта адамдарды құтқаруға ниет білдірді.

“Өрт қауіпсіздігі мектеп партасынан”

      “Өрт қауіпсіздігі мектеп партасынан” атты сынып сағатында 1 “А” сынып мұғалімі Кудебаева Н.М. оқушыларға өрттің қашалықты қауіпті екенін “Қауіпті заттар” атты дидактикалық ойын ойнау, “Өрт – тілсіз жау” бейнематериал көрсету және жағдаяттық сұрақтарға жауап алу арқылы түсіндіріп, білімдерін кеңейтті. Сабаққа арнайы өрт сөндіруші маманы Тәуекелов Құрманғазы Шәкенұлы қатысып, өрттің шығу себептерімен таныстырып, қоршаған ортаны қорғауға шақырды. Сабақта оқушылар осы тақырыпқа байланысты жаттаған тақпақ, мақалдарын айтты. Сабақ соңында осы тақырыпқа сурет салып, кері байланыс жасады.  

   «Дені саудың –жаны сау»

    24 қаңтар күні Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 4 –сыныптар арасында «Дені саудың – жаны сау» іс-шарасы өтті. Іс-шараны ұйымдастырып өткізген 4 сынып мұғалімдері Аңсағанова Аякөз, Айгужина Гүлбану және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Курпебаев Жасүлан. Іс –шараға оқушылармен қатар ата-аналар да қатысты. Оқушылармен ата –аналар 4 топқа бөлініп, 5 кезеңнен тұратын сайыстарда бақ сынады. Әділ қазылардың шешімімен ұпай саны бойынша 1 –орынды Сұңқар тобы, 2-орынды « Тұлпар » тобы иеленсе, 3 орынды «Жалын», «Жігер» топтары өзара бөлісті.Сайыстар оқушылардың жас,жеке ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылған.Спортзалдың көрнекіліктермен безендірілуін, іс-шараның әр кезеңінің музыкалық сүйемелденуін атап өту керек. Сайыс соңында «Арқан тартыс» ойыны ерекше тартысты өтті, ұлттық ойында ата-аналар мен оқушылар өз араларында жеке күш сынасып, бақ сынады. Әсіресе,оқушылар тарапынан ұлттық ойынға деген ерекше қызығушылық байқалды. Жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттаған іс-шараға ат салысқан ата-аналар жеке алғыс хатпен марапатталды. Спорттық іс-шара оқушылардың, ата-аналардың көңілінен шығып,алдағы уақытта осындай сайыс өтіп тұрса деген тілектерін білдірді.

Кітапхана меңгерушісі Тастанова Зура Сайлаубековна

 «Жыр падишасы –Фариза»

      «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ауқымды шаралар көзі болып отыр.  Елбасы “Рухани жаңғыру” бағдарламасында: “Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тілімізбен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана”, – деген еді.

    Осы мақсатта М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің оқу залында 9 «ә» және 10 «ә» сынып оқушыларының қатысысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асаыру мақсатында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай «Жыр падишасы- Фариза» атты поэзия кеші өтті.

      Фариза –аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жаңартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары. Поэзия кешінде Фариза Оңғарсынованың бине роликтер арқылы өмірбаянымен таныстырылып, Фариза апамыздың сөзіне жазылған  5 «ә» сынып оқушылары Жұман Аяжан мен Айдарбекова Жамалдың орындауында ән шырқалып, өлеңдері мәнерлеп жатқа айтылды. Мәнерлеп оқыған оқушылар: Казимбекова Аруна, Бакитжанова Ясмин, Елнар Баязитов, Мейрлан Айтмұхамет, Курманов Дияс, Қайырберген Жанель, Мырзаш Нұрайлә, Мусанова Анель, Сартаева Қасиет.

Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылды.     

“Күмбірле күй – домбыра”

      17 қаңтар күні Рухани жаңғыру бағдарламасының “Отаным – тағдырым” кіші бағдарламасы аясында І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Иманов Қабул-Мажит Сундетовичпен “Күмбірле күй – домбыра” атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Оқасова Жазира жетекшілік ететін 9 “А” сыныбының оқушылары қатысты. Қабул-Мажит Сундетович өзінің өмірі, қолөнер шеберлігіне келу жайлы әңгімелеп, домбыра жасаудың қыр-сырымен оқушылармен бөлісті. Күй де тартылып, оқушылар кездесуден жақсы тарасты. Тағылымы мол, берері көп мұндай кездесулер мектебімізде жалғасын табары сөзсіз.

«Көктем Аруы – 2019» байқауы

Бастауыш сынып мұғалімі Кудебаева Н.М

     Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында наурыздың 6-шы жұлдызы күні мектебімізде 4-ші “А” сыныбының ұйымдастыруымен “Көктем Аруы-2019” байқауы өтті. Бұл сайыстың негізгі мақсаты : аруларымыздың тек сұлулығы мен өнерін ғана бағалау емес, сондай – ақ, қазақтың салт-дәстүрі бойынша білімдерін сынға салу. Байқауға 2- 4  сынып қыздары қатысты. Сайыста аруларымыз таныстыру, өз өнерін көрсету , сән үлгісі және сұрақ-жауап шарттары бойынша сынға түсті. Аруларымыздың арасында үздіктердің үздігі болып , бас жүлдені 3 “Ә” сынып оқушысы Көптілеу Кәусәр иеленді. 1-орынды 4 “А” сынып оқушысы Бузай Алуа иеленсе, 2-ші орын 4 “Б” сынып оқушысы Рапxат Томириске бұйырды. Ал, үшінші орынды 2 “Б” сынып оқушысы Жәнібекова Лаура өз қанжығасына байлады. Сайыс тартысты , әрі қызықты өтті. Аталмыш іс-шараға барлық сыныптар ат салысып ,өз өнерлерін көрсетіп, көрермендер қошеметіне иеленді. Іс-шараға көптеген әже, аналар қатысып, кішкентай ару өнерлеріне қатты риза болды.

                                        

«Tàýelsizdik – tàńir  bergen tàtti syı» aksıasy

Bastaýysh synyp mugalimi: Sapabek Jannur Sarsengalɪqyzy

«Eliniń  uly bolsań, elińe  janyń ashysa.  azamattyq  namysyń bolsa,

qazaqtyń  ulttuq  jalgyz  memleketiniń  nygaıyp – kórkeıýi

 jolynda jan tereńdi sygyp júrip eńbek et.

 Jerdiń de, eldiń de  ıesi óziń ekenińdi  umytpa!»

N.Á. Nazarbaev

      Biz qazaq degen uly eldiń  urpaġymyz! Tàýelsizdik – uly dala  eliniń  eldigi men erligi. Bıyl teýelsizdigimizdi  alganymyzga  27 jyl  týyp otyr. Osy oraıda  3 «А» synyby  tàýelsizdikti ulyqtaý  maqsatynda  2 kún boıy «Tàýelsizdik – tàńir  bergen tàtti syı»  atty aksıasyn uıymdastyrdy. Synyptaġy uldar kók tústi  galstýk  taqsa, al qyzdarymyz  sary  tústi  bantık tagyp  basqa  synyptardan erekshelenip júrdi. Sonymen qatar «Tàýelsizdik  tiregim »  atty synyp sagaty bolyp,  tàýelsizdik qurbandarynyń  eren  eńbekteri týraly  talqylap, oı túıdi.  « Qazastan tàýelsız jolynda»  taqyrybynda sýretter salyp, tàýelsizdiktiń  ońaı kelmegenine qorytyndy  jasady. Bul  aksıada synyp ata-analary bir jeńen bas, bir jeńnen qol shyġaryp synypishilik is-sharalarġa qoldaý kórsetip,  balalarynyń tàýelsizdik  kúnin sezinýlerine óz  úlesterin qosa bildi. Ià,  «Jumyla kótergen júk jeńil» demekshi osyndaı qarapaıym is-àreketter arqyly bala boıyndaġy ultyna degen súıispenshilikti qaluptasturýġa bolady dep oılaımyn. Sóz sońynda kók baıraġy jelbiregen, búgingidei abyroıly da aıbundu, bedeldi de berekeli, untumaġu men jarasqan elimizdiń tàýelsizdigi  baıandy bolġaı dep óz tilegimdi bildiremin.

Салауатты өмір салты – терең білім мен тәрбие көзі.

       Қазіргі таңда әрбір ұстаздың алдында үлкен міндет тұр: дені сау, білімді, салауатты өмір сүре алатын тұлғаны тәрбиелеу.

           Қазақ елінің Ата заңында әрбір азаматтың саулығы – мемлекетіміздің саулығы деп саналады делінген. Олай болса, болашақ ұрпақ салауаттылығы баланың кішкентай кезінен басталуы керек. Балабақшада, одан мектепке келген күннен бастап балаларды өз денсаулығына қатысты жауапкершілікке тәрбиелей бастау қажет. Көне замандағы ғұламаның бірі Аристотель «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген екен. Міне, осы тұжырымдаманы біз бетке ұстауымыз қажет.

     Мен 2 «А» сыныбымды денсаулыққа тек денені шынықтыру арқылы қол жеткізуге болатынын ұғындырып келемін. Сабақ үстінде түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасатып, жетісіне 3 рет болатын дене шынықтыру сабағында дене қозғалыс жаттығуларына, жүгіруге, секіруге көп көңіл бөлемін. Сонымен қатар денсаулықты нығайтуда таза ауаның алатын орны ерекше екенін ұғындырып, қазіргі балаларды телефон мен компьютерден алшақтату мақсатында күніне 1-1,5 сағат таза ауада жүруіне, жүгіріп, ойнауын үнемі бақылап, ата-аналармен байланыс жасап отырамын.

      Биылғы оқу жылының 1-жартыжылдығында сыныбыммен №10 мектепке бассейнге барып, денені шынықтыруда жүзудің орны ерекше екенін түсіндірдім. Сонымен қатар каникулдың соңғы күндерінде КЖБИ мөлтек ауданында Тобыл жағасына барып, мұздан сырғанап, таза ауада біраз денені шынықтырып қайттық. Осындан кейін каникул кезеңінде ата-аналар балаларын жиі-жиі сырғанаққа апарып қыстың қызығына тойдыртты.

       Оқушыларыма өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыра алсам, пәнді оқытуда мақсатқа жетемін деп ойлаймын. 

2 «А» сынып жетекшісі Галиева Гүлжанат Жунусовна

Қысқы демалыс күндер қызықты, көңілді өтуде.

Қысқы демалысын өткізудің мақсаттары:

  • Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
  • Балалардың денсаулығын және іс-қимыл күштерін нығайту.

 Осы мақсаттарды  жүзеге асыруда 2  қаңтар күні 4  «Ә» сынып оқушылары   ертегі  алаңға барып ,ондағы балаларға арналған алаңда  сырғанақ ,әткеншектермен сырғанап ойнады. Бұл саяхат оқушыларға қатты ұнады. Олар серуен соңында ескерткіш ретінде фотоға түсті. Олар тарасып бара жатып, шынымен де «Қысқы демалыс – ең қызықты уақыт» екен деп  үйлеріне көңілді тарасты.

Бастауыш сынып мұғалімі: Жұмасаева Бибігүл Сағындыққызы.

«Тәуелсіздікке – 27 жыл»

      М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 1 «А» сыныбында тәуелсіздік мерекесіне арналған сынып сағаты  өтті. 

    Мақсаты: отанды сүюге,ел байлығын қорғауға,Отанымыз  Қазақстанды  өркендетуге тәрбиелеу.

    Сынып сағатында оқушылар жаттаған тақпақтарын айтты, ән салды, мың бұрала би биледі, ұлттық ойындар ойнады. Оқушылар   тәуелсіздік жайлы өз пікірлерін  білдірді.Сынып сағатынан  ерекше әсер алды.

   «Менің тұңғыш Президентім!» атты сынып сағаты өтті.

       Мақсаты:

– жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдыретті тұлға екенін  таныту;    

-халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін көрсету;

– елін сүйген, елі сүйген Елбасыдан үлгі алуға тәрбиелеу.

     1 «А» сыныбында «Менің тұңғыш Президентім!»атты сынып  сағаты өтті.Сынып сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.    Президенттің өмірбаяны, отбасы және балалық шағы ,қызмет жолы туралы бейнефильм көрсетілді.Бірінші сынып оқушылары тақпақ,өлең айтты. Өз қолдарымен суреттер, ашық хат жасап келді. Оқушылар тақырыпқа байланысты бірнеше тапсырмалар орындады. Әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құрды, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алды, әр жауапқа толық талдау жасады. Еліміз осы бағытпен өркендей берсе, жағдайымыздың бұдан да жақсаратынына күмән жоқ.. Нұр аға-қазақ халқының маңдайына біткен бақ… Өз бағымызды көтере білейік.

Қатыгездік пен зорлық–зомбылықсыз балалық шақ

Мұғалімдері: Оспанова Р.К., Хамит А.Х., Окасова Ж.К.

          Қазіргі жаһандану ғасырында елімізде түрлі тосын жағдаяттар қалыптасып отырғаны белгілі. Ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, еліміз еңсесін көтеріп, халқымыз рухани дамуын жаңғыртып, латын әліпбиіне көшу керуеніне ілескелі отырғанымызда, замана лебінің алға озуына тосқауыл болатын кеселдің  бірі – қатыгездік пен зорлық –зомбылықтың  қоғамда белең алуына ел болып алаңдап отырмыз. Адам және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қанау, қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз-өзіне қол жұмсау іс-әрекеттері қоғамды толғандыруда.

         Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал тиімді шаралар қолдануды қажет етеді.

         Сондықтан болар, еліміздің барлық өңірінде өткізіліп жатқан  «Қатыгездік пен зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» атты іс-шараға,  біздің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Мәриям Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебі»ММ-де өз үлесін қоспақ ниетімен , 8-сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылыққа қоғам болып шыдамсыздық таныту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын- алу және құқықтық тәрбие айлығы барысында  жоспарға сәйкес ұйымдастырылған іс-шараға  Қазақстан Республикасының ІІМ оқу орталығының (Қостанай қаласы арнайы пәндер) циклының оқытушысы,  полиция майоры Ілияс Бауыржан Оразұлы мен  алғашқы оқыту тағылымдамашылары арнайы шақыртылды.

Дөңгелек үстел іс-шарасына арнайы келген полиция майоры Ілияс Бауыржан Оразұлы сөз алып: «Қоғам үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оныңкепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адам және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қолжеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық зомбылыққа қарсыкүрес жүргізу. Қазақстан Республикасының ӘҚБТ кодексінің 25 тармағы мен 434,435,437,440,441,442,448,449 – баптары туралы толық мәлімет берді.ҚР Ата Заңының 11 – бабында ҚР – ның азаматтарын шет мемлекетке беруге болмайды», «Ешкімді азаптауға, оған зорлық – зомбылық жасауға, басқалай қатыгездік немесе адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» деп баса айтты.

            Сөз кезегін алған 8 «Б» сынып жетекшісі, Оспанова Рыскүл Қасымханқызы : «Физикалық зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі. Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай – ақ ата – ана тарапынан балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы зорлық көрсету белгілері білінетіндігін атап көрсетті», ал 8 «Ә» сынып жетекшісі,  Хамит Ақбота Хамитқызы:«Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды түрі күштеудің кеңтаралған түрі:

  1. баланы оқшаулау (басқа балалардан бөліп қарау)
  2. Баланы бопсалау;
  3. Елемеушілік;
  4. Балағаттау да жататындығын айтып өтті». Ал өз сөзінде8 «А» сынып жетекшісі,Оқасова Жазира Қайратқызы :« Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.

Әрбір сынып сағаттарында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу алғы шарттары жайлы ақыл-кеңестер, осы тақырыпқа негізделіп әзірленген түрлі сауалнамалар  мен  іс-шаралар (дебаттар, ашық отырыстар, конференциялар) өткізіліп тұратындығын айтты».

          Балаға зорлық – зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?-атты сауал төңірегінде де екі жақты қызу талас болды.

Құқық бұзушы балаларға қолданылатын  қандай жаза түрлері бар?

Мектепте оқушылар арасында бірін-бірі  бопсалау  болып тұра ма?-деген сауалдарға да жауап беріліп, оқушылар арасынан да келген қонаққа көкейде жүрген  ашық сауалдардың  қойылуы , тақырыптың кездесойық емес, қордаланған , шешім күттірмес  мәселе екендігін дәлелдеді. Мектеп және полиция қызметкерлері, қоғам мен ата-аналар болып, еліміздің болашақтары, келешегі бар жасөспірімдердің тәрбиесіне айырықша көңіл бөлінуі қажеттілігі  анық болды.  Дөңгелек үстел барысында келген қонақтармен оқушылар да ой бөлісті. Біз сынып жетекшілері де қоғамдағы балалардың болашағына қауіп төндіретін түрлі қатерлерді болдырмауға бар күшіміз бен білімімізді жұмсаймыз деген ой түйіндедік.Бала тәрбиесіне енжар қарамау, әр баланың болашағын бағамдау-ұстаздардың да абыройлы ісі.Өз кезінде халқымыздың ақиық ақыны, Мұқағали Мақатаев былай деген екен:«Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп,  абай болыңдар! Өмір барда, жауыздық бар. Мейірбандықпен , жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды.  Бір сөзбен айтқанда , сүйе де, жек көре де біліңдер,  бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер!»

         Әр адамға ой салар керемет ой-түйіндемелер.Балалардың балалық шақтары алаңсыз өтуіне үлкен жауапкершілікпен қарайық . Ендеше,  біздер де        қатыгездіктен, зорлық пен зомбылықтан сақ болайықшы!

«Күз-мереке, күз- береке» атты алтын күзге арналған мерекелік іс-шара өтті

       Сохранить и приумножить духовные и культурные ценности — вот основная цель работы педагога с обучающимися по программной статье  «Рухани жаңғыру».

    В свете направлений данного проекта  перед  нами определена цель: воспитание всесторонне развитой личности, способной к самореализации во взрослой жизни. 

     Совместный  проект с родителями  «Мои нравственные ценности»  посвящен проблеме выбора нравственных ценносте. Данная  проблема необычайно актуальна в настоящее время.  Для современной молодежи все большее значение приобретают ценности материально-бытового плана, преобладают личные жизненные мотивы и экономические цели.  С ребятами  обсуждены представления  о нравственных ценностях,   умение различать истинные и мнимые ценности, что  побуждает к самосовершенствованию, саморазвитию,  способствовует воспитанию ответственного отношения к своей жизни.  В завершении высказаны ответы  учащихся:

Рефлексия:

– Разговор о ценностях был очень полезным.

– Полезно было узнать, что главные ценности: совесть, доброта и милосердие.

– Полезно было задуматься о жизни, о том, на каких ценностях ее строить.

– Понял, что главное –  надо реализовать свои способности и возможности.

– Мало поставить цель, нужно все делать для ее осуществления. 

      Присутствовали родители следующих учащихся: Биркен Каламкас, Мухтар Алишера, Маликовой Жанель, Тулешовой Наргиз, Турумбаевой Дильназ.

Отбасылық әңгімелесу клубы отырысы

ХАТТАМА №1

Өткізілген күні:02.02.2017

Өткізілген орны: «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 орта мектебі»ММ АКТ залы

Тақырыбы: « Мейірімділіктің ошағы отбасы»

Қатысқандар:

-мектеп директоры: К.Б.Шинбулатова

-директор орынбасары: Исмайлова Ж.Б.,

-әлеуметтік педагог: М.Ш.Нүрке

-жантанушы:А.К.Кемельдинова

-тәлімгер: Е.М.Казыбаев

 

Қатысқан ата-аналар саны: 30

Оқушылар саны:12

Күн тәртібі:

Кіріспе сөз.

Мектеп директоры: К.Б.Шинбулатова

  1. Отбасылық әңгімелесу клубын құру туралы бұйрықпен таныстыру. Отбасылық әңгімелесу клубының төрайымын тағайындау / директор К.Б.Шинбулатова
  2. Отбасылық әңгімелесу клубының ережесімен таныстыру. Отбасылы әңгімелесу клубының жылдық жұмыс жоспарын талқылау/ДТІЖО Ж.Б.Исмайлова

Тыңдалды:

  1. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры К.Б.Шинбулатова сөз сөйлеп, Отбасылық әңгімелесу клубын құру туралы қалалық, мектепішілік бұйрықпен таныстырып, аталған клубты құрудың маңыздылығына тоқталды. Клуб жұмысын ұйымдастыру , бақылау үшін клуб төрайымының қажеттілігіне тоқталып, ата-аналар арасынан клуб жетекшісін тағайындау керектігіне тоқталды. Ата-аналар арасынан Т.К.  Мухамбетова клуб жетекшісі болуға өзін ұсынды. Барлық ата-аналар бір ауыздан қолдап, Т.К.Мухамбетова төрайымы болып тағайындалды.
  2. Екінші мәселе бойынша сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Исмайловаға берілді. Ж.Б.Исмайлова Отбасылық әңгімелесу клубының ережесімен тоқталып, клуб жұмысын ұйымдастырудағы мақсат міндеттерді таныстырды. Отбасылық әңгімелесу клубының жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып, ата-аналардың ұсыныстары бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

Шешім:

1.Мектепішілік «Отбасылық әңгімелесу клубы» жоспар бойынша ай сайын ата-аналар мен оқушылар арасында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырсын.

  1. Мектепішілік Отбасылық әңгімелесу клубының төрайымы болып Т.К. Мухамбетова тағайындалсын.

3.Аталған клуб жұмысына мектеп оқушылары мен ата-аналары белсене қатыстырылсын.

4.Айына бір рет клуб отырысы өткізіліп, ұйымдастырылған іс-шараларға қорытынды сараптама жасалынсын.