Іс-шара

Адалдық сағаты өткізілді

          Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу мақсатында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжановна атындағы №20 орта мектебі» ММ 17 қаңтар күні жалпымектептік «Адалдық сағаты» өткізілді. Президентіміз Қ.Тоқаевтың «Өмірде ең бастысы – адамдық парасаттылық, білім, жоғары кәсіпқойлық және өз Отанына адалдық» деген қанатты сөздерімен ұштасқан тәлім уақыты, оқушыларымыздың санасына терең ой салды деген ойдамыз.

 

 Әділдік акциясы өткізілді

       Мектебімізде 26.12.2018 жылы мектеп оқушылары арасында Әділдік акциясы ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары мектеп асханасындағы буфеттен өздеріне қажетті бәліштерді алып, ақшаларын өздері есептеп,шыншыл азамат екендерін көрсетті. Акция қорытындысы бойынша оқушылар аталған акция әділдікке үйрететінін алға тартты.

11 сынып оқушылары  Сабыржан Аружан, Қазымбеков Арнас өзіне қажетті бәліш алуда.