Бүгін, 20 қазанда мониторингтік топ №20 мектепке келді

Бүгін, 20 қазанда мониторингтік топ Қостанайдың бірқатар оқу орындарын тексерді. Тексерушілер №20 орта мектепке барды. Бөлмеге кіре берісте дихлорға малынған кілемше жатыр, есіктің қабырғасына антисептик ілулі тұр. Сонымен қатар, еденге бағыттаушы белгілер қолданылады, ал әр қабатта қолданылған бетперделер мен қолғаптарға арналған арнайы қоқыс жәшігі бар.

– Әр сыныпта 12-14 оқушы оқиды, күн сайын барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлерінде дене қызуы өлшенеді, тиісті журналдар жүргізіледі. Мектепке бөтен адамдарға рұқсат етілмейді, тіпті ата-аналар балаларын тек кіреберісте қарсы алып, шығарып салады. Жалпы, бүгінгі күні екі ауысым бойынша кезекші сыныптарда 149 бала оқиды, қалған оқушылар қашықтықтан оқиды, – деді №20 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Ещанова.

“Наш Костанай” айдарынан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *