“Тілім менің-тірлігімнің айғағы” тақырыбында конференция өтті

Қазақстан халқының тілдері күніне орай М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің “Тіл шамшырағы” қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің бірлестігінің ұйымдастыруымен қалалық деңгейде “Тілім менің-тірлігімнің айғағы” тақырыбында конференция өтті. Конференция мектеп базасында құрылған “Көкейкесті” бағдарламасы аясында өтті. Бағдарламаның басты қонақтары жергілікті айтыскер ақын, қазақ тілінің дамуына үлес қосып келе жатқан тіл жанашыры Өтелбаева Салтанат Амантайқызы және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ещанова Жанаргүл Ануарбекқызы болды. Бағдарлама жүргізушісі Бегалина Айгүл Болатқызы қонақтарға қазақ тілінің қазіргі ахуалы туралы сұрақ қойып, қазақ тілінің дамуындағы басты проблемалар және оны шешудің тиімді жолдары төңірегінде сұхбаттасты.
Бағдарлама аясында көрермендерге онлайн форматта өскелең ұрпақтың қазақ тіліне деген құрметі жайлы бейнебаян көрсетіліп, қазіргі жастардың қазақ тілін білуге деген ынтасы жайлы шағын қойылым қойылды. Сұхбат барысында көрермендерден сұрақтар қойылып, арнайы ән-шашу жолданды. Сұхбат жоғары деңгейде тақырыпқа сай өтті. Бағдарлама соңында Салтанат Амантайқызына жас ұрпақтың тілін құрметтеуге берген бағыт-бағдары үшін мектеп директоры Ханзада Бектыбайқызы атынан алғыс хат табыс етілді.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Қазыбаев Ерасыл Манасұлы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *