Интеллектуалды ойындар

“Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған қалалық “АТАЖҰРТ” этнографиялық интеллектуалды байқауына мектебіміздің 4 “Ә” сынып оқушылары қатысып “Мадақтамаға” ие болды  

   2018 жылы 18 қазанда Ғафу Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында өткен қалалық «Атажұрт» этнографиялық интеллектуалды ойынына мектебімізден «Сұңқар» тобы қатысты. Құрамындағы оқушылар:

  1. Жұмағұл Мұстафа – 3 сынып
  2. Нағашыбай Наурызбай –  4 сынып
  3. Ибуллаева Амина –  4 сынып

     Бұл оқушыларға бастауыш сынып мұғалімі Сапабек Жаннұр Сарсенғалиқызы жетекшілік етті. Нәтижесінде «Сұңқар» тобы 3 – орынға ие болды. 

5-11 сыныптар арасында өткен «Қыран қанатты қаламгер» атты  мерекелік кешке  8 «А» сынып оқушысы Сейфетова Амина мен  5 «А» сынып оқушысы Смагулова Жұлдызай қатысып, үлкен белсенділік көрсетті. Дайындаған мұғалімдері де  қалалық білім бөлімінің мадақтамасына ие болды.