2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖАНТАНУШЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Мектеп жантанушысы: Сафина Әйгерім Ғалымқазықызы
2018-2019 оқу жылының қорытындысы | |
+ | – |
|
|
Басымдылық:
«Психологиялық және әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қиындық көріп жүрген білім алушылардың проблемаларын анықтап оларға дер кезінде көмек көрсету»
Мақсаты мен міндеті:
Мақсаты:
- Білім алушылардың проблемаларын анықтауда психологиялық және әлеуметтік психологиялық тұрғыдан көмек беру.
Міндеттері:
- Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру.
- Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету.
- Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру.
- Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету.
№ | Іс-шара атауы | Жауапты, қатысушы | Түрі | Қарастырылуы | Мерзімі | Нәтижесі |
І. Басқару. Нормативтік-құқықтық құжаттар | ||||||
1 | Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оларға көмек көрсету арналған сауалнама өткізу | Сафина Ә.Ғ. | сауалнама өткізу | Директор жанындағы кеңес | қазан | хаттама№1 |
2 | Түрлі есепте тұрған оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу | Сафина Ә.Ғ. | кеңес беру | Өндірістік кеңес | желтоқсан | хаттама№3 |
ІІ. Әдістемелік (оқыту, үйрету) | ||||||
1 | 5-11 сынып оқушыларының жеке тұлғалық психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтауда қобалжуы бар балалармен жұмыс жүргізу | Сафина Ә.Ғ. | сауалнама, тест, кеңес беру | Сынып жетекшілер бірлестігі отырысы | қараша | хаттама №2 |
2. | 5-11 сыныптарда дарынды оқушылардың қабілеттерін психологиялық-педагогикалық дамыту бағытында жұмыс жүргізу | Сафина Ә.Ғ. | сауалнама, тенинг | Өндірістік кеңес | қаңтар | хаттама№4 |
3 | Мектепте мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және олармен жүргізілген психокоррекциялық жұмыс | Сафина Ә.Ғ. | тренинг,
кеңес беру |
Өндірістік кеңес | ақпан | хаттама №5 |
4 | Өгей әкемен, сенім хатпен тұратын оқушылармен жүргізілген психологиялық көмек беру жұмыстары | Сафина Ә.Ғ. | сауалнама, тренинг, кеңес беру | Сынып жетекшілер бірлестігі отырысы | қаңтар | хаттама №4 |
5 | 9-11 сынып оқушыларының мамандық таңдауда кездесетін қиындықтарына шешуге бағыт беру жұмысы | Сафина Ә.Ғ. | сауалнама, тренинг, кеңес беру | Өндірістік кеңес | мамыр | хаттама №8 |
ІІІ.Үйлестіру (бақылау, қадағалау) | ||||||
1 | «Оқушылырдың мазасыздық шкаласы деңгейі»әдісі | Сафина Ә.Ғ. | тест | Тест қортындысы бойынша сынып жетекшілер бірлестігі отырысы | қазан | сараптама |
2 | «Қарым-қатынастағы агрессивтілікті анықтауға арналған Ассингер» тесті | Сафина Ә.Ғ. | сауалнама | Сауалнама қортындысы бойынша өндірістік кеңес | қараша | сараптама |
3 | «Ұжымдағы психологиялық климатты анықтау» әдістемесі | Сафина Ә.Ғ. | тренинг | Өндірістік кеңес | желтоқсан | сараптама |
4 | «Ағаш және алма» әдісі, «Отбасылық қобалжуды анықтау» сұрақнамасы | Сафина Ә.Ғ. | сурет салу, тест | Тест қортындысы бойынша директор жанындағы кеңес | қаңтар | сараптама |
5 | «Сенім баспалдағы», «Дау-дамайды болдырмайық», «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері» тақырыптары бойынша тренингтер өткізу | Сафина Ә.Ғ. | тренинг | Сынып жетекшілер бірлестігі отырысы | қаңтар | сараптама |
6 | «Стресс және эмоционалдық күйді бағыттау әдістері» атты тренинг, «Өзара түсіністік өнері» тренингі | Сафина Ә.Ғ. | тренинг, жаттығу жасау | Сынып жетекшілер бірлестігі отырысы | ақпан | сараптама |
7 | «Менің сәтсіздіктерім мен жеңістерім», «Жаман көңіл-күйді болдырмау», «Қарым-қатынас» тақырыптары бойынша тренингтер | Сафина Ә.Ғ. | тренинг, жаттығу жасау | Өндірістік кеңес | ақпан | сараптама |
8 | Дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренейік!бағдарламасы | Сафина Ә.Ғ. | тренинг, дәріс, жаттығу жасау | Өндірістік кеңес | ақпан | сараптама |
ІҮ. Мониторинг | ||||||
1 | «Қиын» топтағы балалармен және ата-аналармен жұмыс | Сафина Ә.Ғ. | кеңес беру | Директор жанындағы кеңес | жыл бойы | қадағалау |
2 | Өткізілген диагностикалар бойынша кеңес беру | Сафина Ә.Ғ. | талдау жасау | Сынып жетекшілер бірлестігі отырысы | жыл бойы | қадағалау |
3 | Оқушылардың жеке сұрақтары бойынша кеңес беру | Сафина Ә.Ғ. | кеңес беру | Директор жанындағы кеңес | жыл бойы | қадағалау |