Жүзеге асырылуы

Ұлы даланың Ұлы тұлғасы

   Әл Фарабидің 1150-жылдығына орай “Ұлы даланың Ұлы тұлғасы” атты 28.02.2020ж. күні  мектепішілік іштей ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Мақсаты: Дүниежүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын, тарихы мен тағылымын, маңызын өскелең ұрпаққа ашып көрсете отырып, жастарға Әл-Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ үшін өнеге екенін насихаттау. Міндеті: Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің рухани мұрасының тарихи қажеттілігі мен маңызын өзектендіру, шығармашылықпен айналысатын оқушыларды анықтау, сондай-ақ мақала жазуда олардың шығармашылық қызметін қолдау және көтермелеу. Конференцияда оқылған мақалалар: “Әл-Фараби – өркениет философы”, “Әл-Фараби және Абай”, “Мен таныған Әл-Фараби”, “Әл-Фараби әлемі”, “Әл-Фараби және Отырар өркениеті”, “Әлемнің екінші ұстазы”, “Әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы”, “Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мәдениеті”, “Әл-Фараби және қазіргі заман”, “Әл-Фарабидің нақыл сөздері”.

 

“Ғасырлар үн” шығармашылық байқауы

 

      4 ақпан   күні  мектебімізде  «Ғасырлар  үні» атты  шығармашылық  байқауы  өтті. Бұл  байқаудың  мақсаты:Оқушыларымыздың    шығармашылық   қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді. Қазақтың   халық  әндерін,  дәстүрлі   әндер  және  күйлерін   нақышына  келтіріп  орындау,   Халық  әндерімен  күйлерін , әуен мен   саз  өнерінің үйлесімдігін көрсетіп,    орындай  білетін    дарынды  жастарды анықтау   және қолдау.           

       Бұл  байқауға  мектебіміздің  кішкентай  бүлдіршіндерінен  бастап,  орта  буын, жоғары  сынып  оқушылары   белсене   қатысып   өз  өнерлерімен  көрерменге  әдемі   сазды әуен  сыйлады. Айта  кететін  болсақ  кіші  топтан,  жас  өнерлі  бүлдіршіндеріміз: Абдикаликова  Айару, Нағашыбай  Мұра, Жақсылықов  Нұрислам, Бауыржан  Айсана, Мұхтар  кәусар, 3 “Б” сыныбының «Еркем-ай »  қыздар  тобы, 4 “А” сыныбының   «Қыздар-ай» тобы өз өнерлерімен  көрерменнің   көңілінен  шықты. Сондай- ақ,  орта  және  жоғарғы  топтан ерекше  көзге  түскен Самуратов  Темірлан, Базылхан  Дияр, Мырзабек  Мади, Казимбекова  Аруна , Нағашыбай  Наурызбай, Жалбыр  Дастан, Жұман  Аяжан, Айдосқызы  Арайлым  сияқты  жас  өнерпаздарымыз да  өз  өнерлерін  ортаға  салды.          

       Байқаудың  соңында  талантты   жеңімпаздар  анықталып,  қалалық  ән  байқауына  жолдама  алды.  1 орынды  жас  талантты  әншіміз, ерекше  дауыс  иесі Самуратов  Темірлан  жеңіп  алды. 2 орынды    мектебіміздің  жас  әншісі  Жақсылықов  Нұрислам және Нағашыбай  Мұра жеңіп  алды. 3  орындарды Базылхан  Дияр, Казимбекова  Аруна  және 4 «А» сынып оқушылары иеленді. Осылай  ән  байқауы  өз  мәресіне  жетті.

“Тоғызқұмалақ” мектепішілік турнирі

   “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 27.01.2020 күні тоғызқұмалақтан мектепішілік турнир өтті. Турнирге оқушылар белсене қатысты. Топ жарып шыққан Аблайханқызы Асылжан 1 орын, Нағашыбай Наурызбай 2 орын, Оспан Думан 3 орынға ие болды. 

«Жыр падишасы –Фариза»

Кітапхана меңгерушісі Тастанова Зура Сайлаубековна

       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ауқымды шаралар көзі болып отыр.  Елбасы “Рухани жаңғыру” бағдарламасында: “Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тілімізбен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана”, – деген еді.

       Осы мақсатта М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің оқу залында 9 «ә» және 10 «ә» сынып оқушыларының қатысысуымен Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асаыру мақсатында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай «Жыр падишасы- Фариза» атты поэзия кеші өтті.

      Фариза – аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жаңартауы. Өшпейтін де сөнбейтін өжеттік қайнары. Поэзия кешінде Фариза Оңғарсынованың бине роликтер арқылы өмірбаянымен таныстырылып, Фариза апамыздың сөзіне жазылған  5 «ә» сынып оқушылары Жұман Аяжан мен Айдарбекова Жамалдың орындауында ән шырқалып, өлеңдері мәнерлеп жатқа айтылды. Мәнерлеп оқыған оқушылар: Казимбекова Аруна, Бакитжанова Ясмин, Елнар Баязитов, Мейрлан Айтмұхамет, Курманов Дияс, Қайырберген Жанель, Мырзаш Нұрайлә, Мусанова Анель, Сартаева Қасиет. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылды.     

“Күмбірле күй – домбыра”

      17 қаңтар күні Рухани жаңғыру бағдарламасының “Отаным – тағдырым” кіші бағдарламасы аясында І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Иманов Қабул-Мажит Сундетовичпен “Күмбірле күй – домбыра” атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Оқасова Жазира жетекшілік ететін 9 “А” сыныбының оқушылары қатысты. Қабул-Мажит Сундетович өзінің өмірі, қолөнер шеберлігіне келу жайлы әңгімелеп, домбыра жасаудың қыр-сырымен оқушылармен бөлісті. Күй де тартылып, оқушылар кездесуден жақсы тарасты. Тағылымы мол, берері көп мұндай кездесулер мектебімізде жалғасын табары сөзсіз.

“ХХІ ғасыр көшбасшысы” зияткерлік сайысы

   “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2-3 сынып оқушыларының арасында “ХХІ ғасыр көшбасшысы” зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа 2-3 сыныптардан екі оқушыдан барлығы 10 окушы қатысты. 5 кезеңнен тұратын сайыс қорытындысы бойынша 3 орын – Жұмағұл Мұстафа 3 А, 2 орын – Бекмухамбетов Алишер 3 А, 1 орын – Сарсенбаев Амир 2 Б және БАС ЖҮЛДЕ “ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ” атағына және КУБОКҚА 🏆Сайлаубек Нұржігіт 3 “Ә” ие болды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!😎
   Сайысқа қатысқан барлық оқушыға @qostanai_mugalimderi Репетиторлық Орталығының курстарына 10% жеңілдік сертификаты табысталды.
 Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, демеушілік жасаған @qostanai_mugalimderi Репетиторлық Орталығының директоры Қанат Сейітқасымұлына және жеңімпазға КУБОК сыйлаған жанашыр ата-аналарымыздың бірі Алла Октябриновнаға, және де сайыстың ұйымдастырушылық жұмыстарына көмек көрсеткен Қостанай педагогикалық колледжі @kpk1love_inst М-41 тобының студенттері Исқақ Айтмағанбетке, Жантасов Оразға, Есентаева Жанатқа мектеп директорының және ЖасҰлан РББЖҰ мектеп комитетінің атынан шексіз алғысымызды білдіреміз!!!

Ólkeńdi taný – rýhanɪ  jańģyrýdyń  dańģyly

Bastaýysh synyp mugalimi: Sapabek Jannur Sarsengalɪqyzy

«Búgingi kúndi túsinip-túɪsiný úshinde,  bolashaqtyń

dɪdarýn kózge elestetý úshinde  keshegi kezeńge kóz

 jiberýimiz kerek» N.Á. Nazarbaev

      Qazaqstandyk jańa patrɪotizmdi qalyptastyrý men damytý búgingi kún talaby. Óɪtkeni, elimizdiń teýelsizdigin baɪandy etý, irgeli memleketke aɪnalý, bolashaq  urpaqty tárbɪeleý maqsatynan týyndaɪtyny anyq. Patrɪotizmdi ásirese, jastardyń arasynda barsha qoģamnyń ortaq kúsh-quatymen qalyptastyrý kerek. Búgingi jas urpaq – bolashaq Qazaqstan azamaty. Olar ózimizdi  qorshaģan  iri órkenɪet ortalyqtaryn, túrli mádenɪetti meńgerip, ózin syɪlata alatyn, rýhanɪ dúnɪesi baɪ, ɪntellekt-deńgeɪi joģary ,bilimdi de,  bilikti jahandaný zamanyna saɪ bolýy shart. Osygan oraɪda  bɪylģy  2019  jyl    jastar jyly dep jarɪalandy. Al  jastardy koldaý  mektep   tabaldyryģynan  bastalsa, nur ústine nur bolar edi. Minekɪ osy isti júzeģe  asyrý  maqsatynda  biz  M.Xákimjanova   №20  orta  mektebiniń   3 «A»   synyp   oqýshylary  qalamyzdaģy  oblystyq  ólketaný   murajaɪyna sapar sheģýdi ugardyq. Murajaidan  oblysymyzdagy     mádenɪ   eskertkishtermen, tarɪhi  oryndarmen, ata-babalarymyzdyń   turmys-salt  mádenɪetimen tanysty. Sondaɪ – aq  tabigat  bóliminde  ólkemizde  meken etip jatqan  jáne joɪylý qaýpi bar jan-janyarlar, qustar men jándikterdiń, ósimdikterdiń tirshilik etý ortasyn jáne olardyń mańyzy  týraly maģlumat aldy. Al  ģaryshqa  saɪahat bóliminde   jaratylystaný  páninen  ótken  ģalamsharlar men  jeldiń, kúnniń,  aýa-raɪynyń  baqylaý  oryndaryn   tamashalady.  Oqýshylar bunymen toqtalyp qana qoɪmaɪ Rýdnyɪ  qalasynda ornalasqan SELO LESnoe sút zaýytynyń tarɪhymen  tanys boldy.  Ia bolashak  el tagdyry osy jastardyń qolynda.  Sondyqtan halqymyzdyń sangasyrlyq tarɪhyn  ómir shyndygyna saɪ zertteý men  nasɪhattaý jáne jastardyń tarɪhɪ sanasyn qalyptastyrý  ulttyq rýhty áspaetteýģe, Táýelsiz Otanymyzdyń nagyz  patrɪottaryn tárbɪeleýģe qyzmet etpek. Osy  oɪymyzdy myna pikirmen  tujyrymdaýga bolady:  Ulttyq sanany qalyptastyrý úshin Uly Dala tarıhyn  urpaq sanasyna tiriltý kerek, sonda gana , biz maqsatymyzga jetemiz.

Tabıgat  adam ưshin jaralypty

Bar qyzyq tabigattan taralypty

Bastaýysh synyp mugalimi: Sapabek Jannur Sarsengalɪqyzy

        Adam tabıgattuń  bir bólsheġi  àri  gajaıup týundusu. Adamnuń  tabıgatsuz ómir sưrýi mưmkin emes. Sonduqtan tabıgatpen adamdý bólip qaraýga bolmaıdu. Ásirese qazaq – halqunuń  turmys tirshiligin tabiġatsyz elestetý mưmkin emes.  Sanġasyrlar boıy halqymyz keń dalada  ózin aıalaġan tabiġat aıasynda kóship-qonyp tirshilik etken.  Tabiġattyń san alýan syrlaryna ưńilip, ózindik oı tưıgen. Sol arqyly tabiġat  zańdylyqtaryna ưndesip, birlikte ómir sưrgen. Úà, shynymende bir qumyrsqanyń ózinen eńbeksúıgishtik, aýyzbirshilikte bolý sıaqty qasıetterin boıga sińirýge bolady. Minekı tabıġattyń tylsym syrlary jeterlik.  Al oqytýshynyń  mindeti bilim berip qana qoımaı ony praktıkamen ushtastyrý  dep túsinemin. Mende óz  kezegimde  oqýshylarymnuń  algan bilimderin  àri qaraı damytý  maqsatynda  Qostanaı agrarlyq ýnıversıtetiniń qabyrġasynda ornalasqan entomologialyq  murajaiyna saıahat jasadyq. Bul saıahatta bilim  alýshylar  jàndikterdiń  san alýan túrlerimen  tanysyp, olardyń ómir súrý deńgeıin, ózderi  ómirdegi tıimdi jàne   tıimsiz oryndaryn  túsindi. Oqýshylar  saıahattan túrli qyzzyqty  maġlumattar aldu, keıbir oqýshylar óz bilgenderin ortaġa  salyp  talqylady.  Al saıahat sońynda  ereshe kóńil-kúımen  fotosýretke  túsip. Qoldaý  kórsetip  barġan  ata-analar Utabaeva A, ózderiniń jaqsy pikirlerimen. Jyly lebizderin  bildirip jazyp ketti.

Табиғат-әсемдік әлемі!

8 сынып жетекшілері: Окасова Ж.К., Оспанова Р.К., Хамит А.Х

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған өлкетану ісін дамыту мәселесін Мариям Хәкімжанова атындағы  №20 орта мектебінің мұғалімдері толық қолдайды. Оқушылар өз Отанын сүюді өскен өлкелерінен бастаулары керек. Осы бағдарлама аясында 8 сынып оқушылары мен жетекшілері  Окасова Ж.К., Хамит А.Х., Оспанова Р.К Қостанай облыстық сурет галереясына бардық.

    Суретші- кескіндемеші Наталья Халифаева көрмені өзінің 50 жасқа толуы мерейтойына орай ұйымдастырған. Суретші өзінің «Табиғат –әсемдік әлемі» атты жеке дербес көрмесінде қоршаған әлемнің сұлулығын аша отырып, туған жерге деген сүйіспеншілігіне толы аса тартымды туындыларын ұсынған.

      Дербес көрмеге портрет, пейзаж, натюрморт жанрындағы кескіндеме, акварель, батик техникасындағы 100-ден астам туынды қойылған.

    Наталья Халифаева –ҚР суретшілер Одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы «Қазына» сыйлығың иегері, облыстық және республикалық көрмелердің қатысушысы, 11 жеке көрменің авторы. Наталья Халифаеваның туыядылары кең өрісті ойлар мен сезімдерге,лиризмге, жігерлі бейнелерге толы.

     Суретші үшін ең негізгісі –жанр түрінде бейнелеу, шынайылық сезімін жеткізу.Ол үшін-басты шабыт-табиғат. Наталья Халифаева табиғатты суреттеу арқылы, көңіл-күйін, өз көзқарастарын айтып берді. Суретшінің туындыларын тамашалағанда, табиғаттан әртүрлі құбылысы көзіне елестейді. Жаратылыстың жайдалы жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Балалардың алған әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

   Қорыта айтқанда, туған өлкенің, жергілікті жердің тіпті, аймақтың өз ерекшеліктерін, табиғатын, тарихын, халқы мен тұрмысын сипаттайтын факторларды зерттеп, оны жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес. Өлкетану жұмыстары тұлғаның дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру мен сенімін нығайтуға негіз болады.

Қауіпсіз елдегі қауіпсіздік қауіпсіз ел ме, қауіпті ел ме?

Бастауыш сынып мұғалімі: Тажкенова Жамал Сейтжановна

         Бүгін 2019 жылдың 1 ақпан күні Қостанай қаласының М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 2 «Б» сыныбында «Қауіпсіз ел» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты- қауіп-қатер түрлерімен танысу,ажырата білу,олардың алдын-алу шараларымен танысу. Ашық тәрбие сағатында жол апаты,табиғи апат және басқа да көптеген түрлі қауіпті жағдайлар және олардың алдын-алу шаралары талқыланды.Тәрбие сағаты саяхат сабақ түрінде өткізілді. Шын өмірде болатын жағдаяттар түрлі сахналық көріністер және бейнебаяндар арқылы көрсетілді Оқушылар еліміздегі өрт қызметі, полиция, жедел медициналық жәрдем, құтқару қызметі және тағы да басқа төтенше қызметтер жайлы мәліметтермен танысты. Сонымен қоса,статистикалық ақпараттар көрсетілді. Өткізілген ашық тәрбие сағатында қауіпсіздік туралы көп мәлімет айтылды және көптеген ресми деректер көрсетілді. Тәрбие сағатын қызықты әрі танымды қылып ұйымдастыруға көмектескені үшін М-41 тобының студенті Есентаева Жанатқа алғыс білдіремін!

«Мамандық көрмесі»

     «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында болашақта саналы азаматтарды қалыптастыру, заманауи бәсекелестікке қабілетті тұлғаларды қалыптастыру мақсатында М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 9 «б» сынып жетекшісі Камбарова Калима Салменовнаның жетекшілігімен Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің студенттерімен бірлесе отырып «Мамандық көрмесі» ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында оқушыларға модельер, шаштаразшы, дизайнер, тігінші т.б. мамандықтардың қыр сырлары таныстырылып, практика жүзінде көрсетілді. Оқушылар түрлі мамандық салалары туралы мол ақпарат алып, жақсы көңіл күймен тарасты.

   

7 “Б” сыныбының «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген іс-шарасы.

    Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы өнер білімінде қазақтың біртуар суретшісі Әбілхан Қастеевтың  «Өмірі де, өнері де өнеге» атты деректемелік баяндамасына 7 “Б” сынып оқушылар сынып жетекшісі Кайрова Алмагүл Куанышевнамен бірге барды. Оқушылар Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармаларымен танысты. Балалар қызығушылықтарын көрсетіп, сұрақтарына жауаптарын алып,  суретшінің ең алғашқы жұмыстарының  куәгері болды. Бұл ісшарада Елубаева Зубайра Какенқызының деректемелік баяндамасынан көптеген мәлеметтер алып, үйлеріне тарқады.

2 “А” сыныбының «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген іс-шарасы.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған болатын. Соның ішінде «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Осы бағдарламада білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді көздеген. Осыған орай мен өз сыныбымды туған жеріндегі халыққа есімі сақталған біртуар перзенті Ыбырай Алтынсарин жайлы тереңірек білу мақсатында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қаламыздағы Ы.Алтынсарин мұражайына апардым. Оқушыларды мұражай қызметкері қарсы алып, қысқаша шолу жүргізді. Олар ғимараттың бірінші бөлігінде Ы.Алтынсарин ашқан мектептің көшірмесімен танысса, 2-ші бөлігінде екі стационарлық көрме «Ыбырай Алтынсарин – мұғалім-ағартушы» және өз мектептері есімімен аталатын «ҚР-сының халық жазушысы» М.Хәкімжанованың шығармашылық лабораториясымен танысты. Осы экскурсия кезеңінде әрбір баланың бойына патриотизм кіндік қаны тамған жерін, қала мен өңіріне деген сүйіспеншіліктен басталатынын ұғындырдым.  

2 «А» сынып жетекшісі Галиева Гүлжанат Жунусовна

 “Тәуелсіздігі жарасқан егемен елім – Қазақстан”

        Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 27 жыл. Жиырма жеті жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 

       Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған “Тәуелсіздігі жарасқан егемен елім – Қазақстан” мерекелік іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті. 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ ұйымдастырылған қалалық «Мәриям оқулары» байқау туралы ақпарат

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәриям Хәкімжанованың 112 жылдығына орай «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ 516 қараша аралығында Мәриям онкүндігін ұйымдастыруда. Онкүндік барысында мектеп оқушылары арасында эрудит сайысы, ЭССЕ жазу сайысы ,дөңгелек үстел т.б. іс-шаралар күнделікті ұйымдастыруда. Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай мұражайымен бірлесе отырып мектеп кітапханашысы Уаисова Б.А.  «Мәриям тағылымы» тақырыбында көрме ұйымдастырды.

        15.11.2018 жылы Қостанай қала мектеп оқушылары арасында  «Мәриям оқулары» байқауы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға барлығы  32 оқушы қатысты. Оның ішінде 13 оқушы орыс мектептерінің оқушылары және  өзге ұлт өкілдерінің балалары.

         Іс-шара барысында қатысушылар Мәриям өлеңдерін жатқа айтса, келесі бір тобы Мәриям апаға арналған жеке авторлық өлеңдерін ортаға салып, тартысқа түсті.

          Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша Мәриям оқуларын жатқа мәнерлеп оқудан қазақ мектептері арасынан

1-орын Кабдрахим Қарахат (№115 орта мектебі)

1-орын Алшоразова Анеля (Сырбай Мауленов атындағы гимназия оқушысы)

2-орын  Жалғасбай  Дамира (№9 орта мектебі)

3-орын Жунусова Камила  (№15 орта мектебі)

3-орын-Бакитжанова Ясмин (№20 орта мектебі)

Орыс мектептері арасында:

1-орын Мнацаканян Карине (ФМЛ)

2-орын Орлова Анастасия (№3 МГ)

3-орын  Калиева Сабина (№1 МЛ)

Мәриямға арналған өз төл туындыларын ортаға салып, жоғары нәтиже көрсетіп жеңімпаз болған оқушылар:

Қазақ мектептері арасында

1-орын Сейткан Рахат (№20 орта мектебі)

2-орын Қонысбай Айдос (№15 орта мектебі)

3-орын Фазли Шахадат (№9 орта мектебі)

Орыс мектептері арасында

1-орын Талғатов Диас (№17 орта мектебі)

2-орын Молдатбекова  Аружан (№11 орта мектебі)

3-орын Амангельдинова Карина (№1МЛ)

«Мәриям оқулары» байқауына демеуші болған мектебіміздің ата-анасы Шимбулатов  Бахатбек  Казбекович. Аталған байқауды М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі ұжымы 3 жыл қатарынан ұйымдастыруда.

Табиғат аясындағы рухани үйлесімділік

          Міне, асыға күткен күзгі  демалыс та келді. Өзінің демалыс күндерін балалар ерекше әсер  қалдыратындай, сергектік сезіммен өткізуі тиіс. Сол себепті   демалыстың алғашқы күнін   жақсы,  әрі көңілді өткізу мақсатында  4 «А» сынып оқушыларымен серуендеуге шықтық. Тобыл жағасындағы саябақта серуендеп , Тобыл өзенін тамашалап  ,  суретке түстік.Оқушылармен түрлі ойындар ұйымдастырдық. Сонымен қатар саябақтағы ойын – сауықтыру  әткеншектеріне  мініп, балаларымыз  көңілді де  қуанышты оралды.Саябақтағы серуен  қызықты өткені баршамызға ұнады, әсерлі де қызықты демалыс күнін өткіздік десек те артық емес. Аталмыш өткізген демалыс күнінің де тәрбиелік маңызы бар. Ол, әрине, сынып арасындағы қалыптасқан бірлік пен ұжымдық рухты одан әрі нығайту және дамыту.

«Өлеңде өз ізін қалдырған» конференциясы

       2018 жылдың 10  қазаны күні мектебімізде Мариям апталығы аясында мұғалімдер арасында «Өлеңде өз ізін қалдырған» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға әр әдістемелік бірлестіктен баяндамашы шығып, М. Хәкімжанованың  өмірін, шығармашылығын әр түрі сабақтарда пайдалану туралы өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ

«Сөз сұлтаны — Сұлтанмахмұт» поэзия кеші

      2018 жылдың 25  қазан күні   М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінде кітапханашылар Уайсова Б.А,Увалеева Ж.И  және 9 «Ә» сынып оқушыларының  ұйымдастыруымен Елбасының  «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру жолында С. Торайғыровтың 125 жылына арналған «Сөз сұлтаны — Сұлтанмахмұт» поэзия кеші өтті. Өткізілген іс-шараның негізгі  мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  өмірі және шығармашылығымен  танысу, бүгінгі жас ұрпақ  та үлгі — өнеге тұтып, болашақта ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету.

Іс-шара  9 сынып оқушылары арасында өтті.100 оқушы қатысты.  Оқушылар белсене ат салысты. Өз ойларын ортаға сала білді.

Кеште  видио ролик арқылы оқушылар ақынның өмірбаянымен толық таныстырылды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Олар  Сапабекова Лаура, Тажибаев Нұрғалым, Ахметбекова Ақтоты, Рахмадиев Алтынтөре, Қайырберген Жанэль, Кужахметов Бек. Кештің жүргізушілері: Гауезхан  Санжар мен  Смагулова  Жұлдызай болды.

9 «Ә» сынып жетекшісі  Тажибаева Б.К  іс–шараға оқушыларды белсенді түрде қатыстыра білді.  Іс- шара жоғары деңгейде өтті.

Соңғы қоңырау мерекесінің өткізілуі туралы ақпарат

2018 жылдың 25 мамыры күні сағат 10.00 де мектеп алаңында «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Аталған іш-шара барысында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы», «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі, сонымен қатар «Ұлы жеңістің 73 жылдығы», «Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы» тақырыбы қозғалып, мектеп директоры К.Б. Шинбулатова 2017-2018 оқу жылының оқу-тәрбиеі бағыты бойынша жүргізілген жұмыстар қорытындысымен таныстырды. Жыл қортыныдысы бойынша, үздік ұстаздар мен үздік сынып жетекшісі, үздік оқушы марапатталды.  Тоқтала кететін болсақ:

  • «Үздік зерттеуші» номинациясына биология пәнінің мұғалімі Косанова Айжан Умиткалиевна;
  • «Шебер ұстаз» – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегалина Айгуль Болатовна;
  • «Жаңашыл ұстаз» – география пәнінің мұғалімі Бейсенова Жанат Таупкеловна;
  • «Үздік сынып жетекші» – 8 «Б» сыныбының жектешісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камбарова Калима Салменовна;
  • «Үздік оқушы» – 9 «Б» сынып оқушысы Сейтқан Рахат ие болды.

         Салатанатты жины қонағы, қалалық дарын орталығының директоры Сайпилова Амина Сейдуллаевна ата-аналарды, оқушыларды, ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге сәттілік тіледі.

2017-2018 оқу жылындағы үздіктер, олимпиада мен ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.  

Ата-аналар ұстаздарға өз жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік іс-шара ән мен биге жалғасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «Оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, …бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» – деген болатын.

Рухани жаңғыру – патриоттық тәрбие бастауы. Осы бағытта 2017-2018 оқу жылында тәрбие үрдісі барысында көптеген игілікті іс-ашаралар атқарылып, оқушыларымыз түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Ағымдағы жылдың 23-ші мамырында мектебіміздің акт залында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп басшысы Ханзада Бектібайқызы бастап, мектептің жалпы жетістіктерін, ж\оқу сапасының қорытындыларын айтып өтті.

Кейін мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары Сарсебаева Гүлнар Альмухановна   оқушылардың олимпиадалық және ғылыми жұмыстар туралы жетістіктерін айтып, осы бағытта жетістікке жеткен 66 оқушының ата-аналарына алғыс хат табыс етті. 

Ал тәрбие бағыты бойынша жеткен жетістіктер жайлы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исмайлова Жансая Бахытбекқызы баяндады. Сөз соңында осы бағытта жетістікке жеткен 60 оқушының ата-аналарына алғыс хат табыс етті. 

Жалпы алар болсақ, 2017-2018 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктер көрсеткіші төмендегідей:

– Қалалық байқаулар, сайыстар, турнирлар – 55

– Облыстық байқаулар, сайыстар, турнирлар – 23

– Республикалық байқаулар, сайыстар, турнирлар – 20

– Халықаралық байқаулар, сайыстар, турнирлар – 11

Мектебімізге жыл бойына қамқорлық жасап, әр іс-шараға, акцияларға қаысып, оқу ордамыздың демеуші атанған ата-аналарымыз да назардан тыс қалмады. Мектептің демеушілері қатарына енген ата-аналарға алғыс хат табыс етіліп, фотосуреттері арнайы стендке ілінді.  

 Жиналыс соңында ата-аналарға қызықты тренинг өткізіліп, жиын жақсы көңіл-күймен аяқталды.

«Жыл оқушысы – 2018» сайысының сараптамасы

Мамыр айының 19 күні мектеп қабырғасында мектептің ең үздік, ең озат оқушылары үшін «Жыл оқушысы – 2018» сайысы өтті. Сайыстың алдын-ала берілген ережесі бойынша қатысушылар 2017-2018 оқу жылындағы жетістіктерін көрсететін портфолио тапсырып,  «Мен – мектеп мақтанышымын» тақырыбында эссе жазып қорғады. Сайысқа келесі оқушылар қатысып мынадай нәтиже көрсетті                                                                                  

Оқушылардың 2017-2018 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі жетістіктерін саралап, бағалаған әділ қазылар алқасы мектібіміздің тарих пәнінің мұғалімдері Аян Маратұлы, Сабыржан Атымтайұлы, белсенді, жанашыр ата-аналарымыздың бірі Бажирова Шаттық Рафхатовна, мектеп басшысы Ханзада Бектібаевна төрелік етті.

Аталған қатысушылардың барлығы мақтау қағаздармен мараптталып, «Доктор Бубновский» орталығынан диагностикаға 50 % жеңілдік купонына ие болды.

Атыжөні Сынып Орын
1 Утеулин Бекзат 5 «ә» «Үздік портфолио» номинациясы
2 Бейсен Жансұлу 5 «б» ІІІ орын
3 Мушанова Айнұр 6 «ә» ІІ орын
4 Сәндібек Меруерт 6 «б» Орын жоқ
5 Бакитжанова Ясмин 7 «ә» ІІІ орын
6 Сейткереева Аружан 8 «а» Орын жоқ
7 Токешов Мади 8 «б» «Үздік портфолио» номинациясы
8 Мухамедгалиева Самал 8 «в» ІІІ орын
9 Пимичева Анель 9 «а» І орын
10 Аужанов Данат 9 «ә» ІІ орын
11 Қалиева Жазира 9 «ә» ІІІ орын
12 Сейдахметова Дана 9 «ә» ІІ орын
13 Сейткан Рахат 9 «б» Бас жүлде
14 Жалғасбеков Жансултан 9 «б» Орын жоқ

Түлектермен кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Саналы азамат» кіші бағдарламасы аясында мектебімізде 2008 жылы түлеп шыққан түлектермен кездесу өтті.  Кездесуге 10 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер келіп, мектепке, ұстаздарға деген сағыныштарын басып, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп өмірлеріндегі қызықты сәттерді еске түсіре отырып, бір сәт оқушы ретінде сезініп, ән салып, би биледі.

Ғасырлар үні справка

Рухани жаңғыру бағдарламасының 2017 жылы жүзеге асырылуы

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2017 жылы жүзеге асырылуы туралы ақпарат

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде мектепішілік жылдық іс-шаралар жоспары құрылып, ай сайын жоспарға сай іс-шаралар ұйымдастырылуда.

7 тамыз күні мектеп алаңындағы сауықтыру лагеріндегі оқушылар Қостанай облыстық мұражайына саяхатқа апарылды. Саяхат барысында  оқушылар өлкеміздің тарихымен танысып, тарихтан сыр шертетін жәдігерлер туралы мол ақпарат алды.

13-15 тамыз аралығында мектептен 15 оқушы Астана қаласында өткізілген «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне апарылды.Аталған көрмеге оқушыларды апаруға ата-ана Биркенова Б.Ж. демеушілік жасады.

22 қыркүйек күні 8-11 сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» тақырыбында бейне ролик көрсетілді.

23 қыркүйек күні мектеп мұғалімдері мен ата-аналарының қатысуымен «Болашшаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту және «Туған жер» бағдарламалық мақаласын қала тұрғындарына насихаттау және түсіндіру бойынша тақырыптық жиын өткізілді. Жиын барысында мектеп басшысы К.Б.Шинбулатова , тарих пәні мұғалім Г.М.Касымова, Қамқорлық кеңесінің  төрайымы Б.Ж.Биркенова сөз сөйлеп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығына түсіндіріп, жүзеге асыру жолдарыа тоқталды.

            16 қазан күні 8 сынып оқушылары Ы.Алтынсарин атындағы  мұражайға экскурсияға апарылды. Экскурсия барысында оқушылар Ы.Алтынсарин туралы деректермен танысып, мол ақпарат алды. Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша 2017 жылдың қазан айының 25 жұлдызында  25 мектеп оқушысы қаламыздағы облыстық мұрағатқа саяхатқа барып, «Кейкі батыр» тарихымен танысып, батыр кесенесі туралы ақпараттар алып, бейне материалдармен танысты.

           «Отаным тағдырым» бағыты бойынша 2017 жылдың 15 қараша күні  қала мектеп оқушылары арасында «Мәриям оқулары» болды. Аталған іс-шараға қала мектептерінен 19 оқушы қатысып, Мәриям Хәкімжанованың туған жер, ана т.б. тақырыптарындағы өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Сайыс барысында өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілінде өлең оқып, жоғары нәтиже көрсетті.

           16 қараша күні «Асыл әйел ғұмыры сыр шертеді» тақырыбында  қаламыздағы ақын-жазушылар, актер, қоғам қайраткерлерімен кездесу ұйымдастырылды.Аталған іс-шараға компазитор К.Деріпсалдин,  айтыскер ақын Жангабылов Абдулла , Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы мұражайдың директорының орынбасары Р.К.Куанова, қазақ драма театрының актирисасы Ш.Есенғұлова қатысты.

Іс-шара барысында  бар қазаққа ана болған М.Хәкімжанова өмірі , еңбек жолы, шығармалары туралы ой қозғалып,естеліктер айтылды. «Отаным тағдырым» бағыты бойынша 2017 жылдың 15 қараша күні  қала мектеп оқушылары арасында өткізілген «Мәриям оқулары» сайсына мектепішілік Қамқоршылық кеңесі 20000 теңге көлемінде демеуші болды. Сайыс жеңімпаздарына ақын-жазушылардың кітаптар, арнайы диплом мен статуэтка табысталды.

«Отаным тағдырым» бағыты бойынша 2017 жылдың 15 қараша күні  қала мектеп оқушылары арасында өткізілген «Мәриям оқулары» туралы ақпарат:

– «Наш Кустанай» газетінің сайтына жарияланды (http://top-news.kz/?p=2051)

-QOSTANAI каналында 15.11.2017ж кешкі жаңалықтарда көрсетілді (http://kostanaytv.kz/kz/news/culture/meriyam-okulary-kalalyk-baikauy-otti)

-QOSTANAI каналында 16.11.2017 ж «ТОБОЛ ТАҢЫ» бағдарламасында 

көрсетілді  (http://top-news.kz/?p=2051).

           20 қараша күні «Латын әліпбиі» тақырыбында мұғалімдер арасында  түсіндірме жұмысы жүргізілді.  Аталаған іс-шараға қалалық білім бөлімінің әдіскері  Ш.И.Шегенова т.б. мамандар келіп, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталып, талқыға салды.

25 қараша күні ата-аналар мен мұғалімдер арасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізілді.

Мектептің екінші қабатында «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» тақырыбында арнайы стенд орналастырылды.

13 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімдері Ержан А.М., Жансугуров С.А. «Алаш» партиясы көшбасшыларының Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы саяси және ағартушылық аспектісіндегі халыққа жасаған қызметтері» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияның басты мақсаты: болашақ ұрпаққа Алаш идеясын насихаттау болып табылады.Аталған іс-шараға тарих ғылымының кандидаты, доцент,Қостанай педагогикалық институтының аға оқытушысы Исенов Өтеген Ихсанұлы,А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың философия кафедрасының профессоры: Қалқаман Жақып Хасенұлы, тарих пән мұғалімі, зейнеткер Абилев Амангелді Хабдешович, облыстық шығармашылық орталық маманы, термеші Абзал Алпысов Нағашыбайұлы, қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысты.  Аталған іс-шара барысында Алаш партиясының құрылуы, ұлттық идеялары туралы сөз қозғалып, оқушылар баяндама оқыды. Тарихшы Исенов Ө.И. «Алаш » қозғалысындағы  ататтары белгісіз тұлғалар туралы  айтса, қалқаман Хасенұлы Алаш зиялыларының салып кеткен сара жолын, идеясын бүгінгі күнмен байланыстылығын айтып, құнды ақпараттармен, толымды ойларымен бөлісті. Аталған іс-шара туралы мақала Қостанай таңы газетіне 22.12.2017 жылы №141-142, Наш Костанай газетіне 26.12.2017ж №102 санына жарияланды.