психолог-на-собрание17.09.2020
суицидті-мінез-құлықты-алдын-алу

отбасындағы-қарым-қатынас-ережесі
«Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу және болдырмау» тақырыбында қалалық семинар-кеңес
Ағымдағы жылдың 18 мамырында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінде «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу және болдырмау» тақырыбында 6-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы үшін мектепішілік семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға Қостанай қаласы № 4 қалалық емханасының психологы – Нурахметова Людмила Айштаевна, Жастар денсаулық орталығының маманы – Ганина Елена Александровна, психологиялық көмек көрсету орталығының маманы – Москаленко Светлана Александровна, мектеп психологы Кемельдинова А.К.директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исмайлова Ж.Б.,мектеп тәлімгері Казыбаев Е.М. қатысты.
Семинар-кеңесте «Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері және суицидтік әрекеттердің түрлері» туралы Москаленко Светлана Александровна, баяндама оқып, психологтармен тренинг жұмысын жүргізді.Сонымен қатар, № 4 қалалық емханасының мамандары кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік, жыныстық сипаттағы қылмыс мәселелерін кеңінен талқылап сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты.