Арнайы жоба

«Балалардың заманауи бастамалары – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы «Балалардың бастауы-2018» балалардың әлеуметтік бастамалары конкурсын өткізу бойынша ұсынымдамалар

 

«Балалардың заманауи бастамалары – Рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы «Балалардың бастауы-2018»  байқаудың мақсаты:

  • балалардың азаматтық ұстанымын белсенділігін тәрбиелеу;
  • өз қала, ауылының тыныс тіршілігіне қатысу құқықтарымен дағдыларын қалыптастыру;
  • өмірлік бағдарына дұрыс таңдау жасау;
  • балалар бастамаларын іске асыру алаңын құру.

 Байқау ұйымдастырушылары:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары.

Сайысты өткізудің кезеңдері:

байқаудың  I – кезеңін (аудандық) 2018 жылдың 30 қаңтар мен 10 наурыз аралығында өткізу қажет;

байқаудың  II – кезеңін (облыстық) 2018 жылдың 10 наурыз бен 1маусым аралығында өткізу қажет.

 Байқаудың талаптары:

Байқауға қатысу үшін білім ұйымдарының оқушылары, оның ішінде интернаттық мекемелерінің оқушылары, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылады.

Қатысушылардың жасы 11- ден 18 аралығында.

Жобаларды жеке немесе топпен қорғауға болады.

Қорытынды кезеңге ұсынылған жобаларды қорғауды мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар, «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткізу қажет.

         Іс-шараларды жариялау:

         Конкурстың сәтті өткізілуі үшін РR компаниясын өткізу қажет:

  • медиа-жоспар дайындау;
  • «Балалар бастауы-2018» байқауының басталуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арықылы жариялау;
  • Конкурс шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттарды, фото және бейне материалдарымен қоса Facebook әлеуметтік желісінде арнайы ашылған парақшада (парақшаға сілтеме https://www.facebook.com/events/140234683327603/) орналастыру;
  • Конкурс материалдарының газет, журнал беттерінде және сайттарда жүйелі түрде жариялануын қамтамасыз ету;
  • конкурстың бірінші және екінші кезеңдерінің барысын және аяқталуын жариялау;
  • қорытынды іс-шара ретінде баспасөз-конференциясын өткізуге, аналитикалық мақала жариялауға, сұхбат беруге болады.

Қорытындылау:

Конкурсқа қатысушылырды және жеңімпаздарды марапаттау рәсімін 2018 жылғы 1 маусымда Дүниежүзілік балаларды қорғау күні шеңберінде өткізу қажет.

“Балалар бастауы-2018” конкурсының қорытындысы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары балалардың  үш үздік жобаларын, ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетіне, (urk_55@mail.ru) электронды мекен-жайына жолдау қажет.

Балалар жобаларының үздік авторлары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің алғыс хаттарымен марапатталатын болады.

 Ұйымдастырушылардың байланыстары:

Қажетті ақпараттарды 8(7172) 741932 телефоны арқылы алуға болады:

 

 Приложение № 2

 Заявка на участие в конкурса детских социальных инициатив

«Балалар бастауы-2018»

Название организации Класс Название проекта Авторы проекта

(ФИО, возраст, адрес ,конт.телефоны, адрес электронной почты)

Научный руководитель проекта